+ сенімділік

+ күш

+ сапа

+7 (7182) 90 41 69

Жаңалықтар

“ПМХЗ” ЖШС жөндеуден кейін толық режимге шықты

23.12.2020

2020 жылғы 14 маусымда Павлодар мұнай-химия зауыты жоспарлы-алдын ала жөндеуден кейін толығымен технологиялық режимге шықты.

25.04.2020-14.06.2020 аралығындағы жөндеу кезеңінде 2020-2021 жылдары кәсіпорынның қауіпсіз жұмысы үшін барлық қажетті шаралар жүргізілді. Олардың ішіндегі ірілері: К-101, К-103 колонналарының ішкі құрылғыларын ауыстыру, п-101, П-102 технологиялық пештерін иректүтіктерді ауыстыра отырып жөндеу, мұнайды терең қайта өңдеу өндірісінің ПК-101/2 піспекті компрессорын жөндеу.

Мұнайды бастапқы өңдеу өндірісін изомерлеу қондырғысында адсорбенттер қайта жүктелді. ЛК-6У кешенінің С-300/1 секциясында КИПиА құралдары жаңғыртылды. Моральдық тұрғыдан ескірген және физикалық тұрғыдан тозған пневматикалық құрылғылар заманауи электронды құрылғыларға ауыстырылды. "С-300/1 секциясының КИПиА құралдарын жаңғырту" жобасына сәйкес 95 дана санындағы барлық жаңа аспаптар басқарудың бөлінген жүйесіне шығарылды, бұл осы секцияда технологиялық процесті орталықтан бақылауға және басқаруға мүмкіндік береді. Тоқтатылған технологиялық процесс кезінде жүргізілетін барлық монтаждау және іске қосу-жөндеу жұмыстары толық көлемде орындалды.

Жоспарлы-алдын ала жөндеу кезеңінде қысыммен жұмыс істейтін аппараттар мен ыдыстардың (329 бірлік), технологиялық құбырлардың – 1152 бірлік, технологиялық пештердің өнеркәсіптік қауіпсіздігінің сараптамасы, зерттеу, тексеріс, техникалық куәландыру, қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік қағидалары мен талаптарына сәйкес технологиялық жабдықтың және құбыржолдардың ақаулы элементтері мен құрылғыларын жөндеу және ауыстыру орындалды.

Коронавирус бойынша карантин кезеңінде жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты зауытта барлық алдын алу шаралары қамтамасыз етілді. Мердігер-мамандарды жеткізу және материалдар мен жабдықтарды уақытында жеткізу үшін елеулі күш-жігер жұмсалды. Жұмысқа тартылған шақырылған мердігерлік ұйымдардың барлық қызметкерлері ПТР-анализ тапсырды, барлығында температураны өлшенді, кәсіпорын аумағына тасымалданатын барлық жабдықтар, құбырлар мен көлік дезинфекциядан өтті.

Жабдықты тазартуды "СК Intra" мердігерлік ұйымдары және "Тотал Сервис" ЖШС жүргізді. Жабдықтарды куәландыру және өндірістік қауіпсіздік сараптамасы "Incom company" ЖШС, "Казпромбезопасность ПВ" ЖШС, "НПО Дефектоскопия" ЖШС (Қарағанды қ.) сияқты мамандандырылған сараптамалық ұйымдарды тарта отырып жүргізілді. Металл конструкцияларын және кәдеге жаратушы қазандықтарды зерттеу - "Гормонтажпроект" ЖШС (Қарағанды қ.).

Технологиялық жабдықтарды жөндеуді: "Мегастройплюс" ЖШС, "Альянсстроймонтаж" ЖШС (Шымкент қ.), "Ремонтно-можтажное управление" (Шымкент қ.), "Берт" ЖШС, "Нефтегазстрой ПВ" ЖШС орындады.

2020-жөндеу кезеңінде мұнайды бастапқы өңдеу өндірісінің дизель отынын гидротазалау С-100 ЭЛОУ-АТ секциясының және С-300 секциясының технологиялық жабдығын одан әрі қауіпсіз пайдалану мақсатында 2019 жылы басталған жұмыстар жалғастырылды. Бұл секциялар үшін 2019 жылы "Д. В. Сокольский ат. отын, катализ және электрохимия Институты" АҚ тоттануды бақылау бойынша паспорттарды әзірлеу және аудит жүргізді.

2020 жылы аталған жұмыстар нафтаны гидротазарту с-200/1, мұнайды бастапқы өңдеу өндірісінің каталитикалық риформингі с-200/2 секциялары, ауыр мұнай қалдықтарын өңдеу өндірісінің коксын баяу кокстеу және қыздыру қондырғылары үшін жүргізілуде.

Қазіргі уақытта зауыт штаттық режимде жұмыс істейді. Ал барлық орындалған іс-шаралар өндірістің қауіпсіздігін жобалық деңгейде ұстап тұруға, зауыт шығаратын мұнай өнімдерінің сапасын сақтауға және қажетті экологиялық көрсеткіштерді сақтауға мүмкіндік береді.

"Павлодар мұнай-химия зауыты" ЖШС қоғаммен байланыс бөлімі.